«Басымды қатырмаңдар» деп халыққа жекіген Ерғали Сыдыманов шын мәнінде кім?

Oinet.kz 13-08-2020

Күні кеше Алматы облысынң Бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалған Ерғали Сыдыманов туралы не білеміз? Ендеше жаңа Бас санитар туралы деректерді назарларыңызға ұсынамыз. 

image.png

Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов 1970 жылдың 7 сәуірінде Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

1996 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2004 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін дәрігер-гигиенист, эпидемиолог және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін бітіріп, Денсаулық сақтау магистрі атағын алды.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл қаласында жедел жәрдем бөлімінің санитары болып бастаған. Кейін Жамбыл облысы Коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі ретінде қызмет атқарған. 1999 жылы Атырау қаласы бас дәрігерінің СЭС орынбасары болып тағайындалды. 2000 жылы Атырау қалалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері қызметінде болды. 2003 жылы Талдықорған қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 2005-2019 жылдар аралығында - Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы. 2019 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Манғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған.

Қоғамдық қызметі:

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау ының Талдықорған облысы бойынша төрағасы.

Марапаттары:

«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі»; 

«ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»; 

«ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгілерімен; 

«Үздік мемлекеттік қызметші төсбелгісі» 2020 жыл.

Шені:

Әскери атағы - медицина қызметінің аға лейтенанты.

Отбасы:

Әкесі - Сыдыманов Жақсыбек, зейнеткер, Жаңа Жамбыл фосфор зауытының цех бастығы болып жұмыс істеген.

Анасы - Сыдыманова Ұмытшақ Мамашбайқызы, зейнеткер, Тараз қаласы педагогикалық училищесінің оқытушысы қызметін атқарған.

Жұбайы - Сыдыманова Толқын Мұратқызы, «Қарамай PLUS» ЖШС мұнай базасының бас есепшісі (Талдықорған қаласы).

Ұлдары - Жақсы-Мұрат, Иманғали, Исламғали.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Бір тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 29 адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×