«Ұрып соға ма деп қорқамын» - Белоруссияда жүрген қазақстандық

Oinet.kz 13-08-2020 759

Қазіргі уақытта наразылық шерулері белең алған Белоруссияда қалған Қазақстан азаматтары елде болып жатқан оқиғалар туралы өз ойларымен бөлісті деп хабарлайды Oinet.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

image.png

Осылайша, отандасымыз Руслан Арифуллин өткен түні оның үйіне жақын жерде бір мезетте бірнеше жарылыс дыбысы естілгенін айтты. Қазір ер адам пәтерінен шығуға жүрексінеді. 

- «Арнайы жасақ, полиция астыртын жұмыс істейді. Шынымды айтсам, полиция бөлімшесінде болудан қорқамын. Мені ұрып-соға ма деп қорқамын, яғни, қорқыныштың бір түрі бар", – дейді ол. 

Ал Минск қаласының орталығында тұратын тағы бір қазақстандық Евгений Захаровтың айтуынша, ауданда бәрі тыныш. Адамдар қалыпты өмір сүруді жалғастыруда. Алайда оның айтуынша, жақында үйден алыс жерден жарылыстардың дыбысы естілді. Еске сала кетсек, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өткен еді. Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Беларусьте жаппай наразылық акцияларының үйлестірушілері ұсталды Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды. Оған қоса, Беларусьте өткен жаппай наразылық акцияларының үйлестірушілері қолға түсті. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі қоластындағы үш адамның әрекеттерін басқарып отырған. 

Агенттіктің ақпарынша, күдікті наразылық акцияларын үйлестіру бойынша жұмыстарды қонақ үйдің 17-қабатында отырып жүзеге асырған. 

Мемлекет басшысы «ҚазАқпарат» ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу