Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
"Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева үшінші баласын өмірге әкелді.
Дәрігер, сәнбике әрі тележүргізуші, "Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаеваның отбасы тағы бір жанмен толықты. Қуанышты жаңалықпен Исаеваның өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Ас-саляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Жаратушы Аллаға сансыз шүкiр!!! Алланың қалауымен айдай сұлу қызымыз қуатты, ақылды, халқына жанашыр, елін, жер-анамыздың дамуына өз үлесін қосатын, биiк шыңдарды бағындырған, бойына Құдiреттi Алланың нұры жауған, жарқырыған қыз болсын! Бақытты, ұзақ ғұмыры жақсы істермен толы болсын! Амин!!! Осындай бақытты барлық жақсылардың отбасына Алла нәсіп етсін!", - деп жазды Айдай Исаева.