«Мұнда әркім өз Бейсенін жазды» - Әлия Құдайбергенова

Oinet.kz 12-08-2020 1087

Белгілі журналист Бейсен Құранбекке арналған естелік кітап жарық көрді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы танымал телепродюсер Әлия Құдайбергенова Instagram парақшасында жазды. 

Бейсен Кұранбек туралы кітап жарық көреді

- Аға туралы естелік кітап шықты. Дос-жараны, сыйлас аға-іні, әпке-қарындас, әріптестері мен шәкірттері естелік жазды. Бейсен ағаның бекзат болмысын, қайталанбас тұлғасын, ғибратты ғұмырын, қазағына деген шексіз махаббатын, қара нардай сырбаз мінезін, асқақ рухын, аса биік, аса шын абырой, беделін тауыса алмай, әркім өз Бейсенін жазды, мұнда. Қазірге жақындарына ғана таратылды. Сосын қайта басылып, шығып жатса, сіздер де оқырсыздар.  Бүгін парақтадым, кітапты... Алатаудай биік едіңіз Сіз деген! Күндей жарық едіңіз Сіз деген! Аспандай мейірбан, кең едіңіз Сіз деген! Айтарым көп - дейді Әлия Құдайбергенова. 

Сондай-ақ, Бейсен Құранбек туралы өшпейтін естеліктерді тілге тиек еткен продюсер оның асқақ армандары туралы да айтып өтті. 

image.png

- Болашақта ағаның жоспарлаған қанша игі істері атқарылар, талай кітабы шығар, өз атынан мектебі де ашылар, талай журналист сіздің атыңыздағы жүлдені жеңіп алар. Гүлмира апайға (жарына): “Болашақта мына тұрып жатқан үйді осындағы қазақ балаларына арнап мектеп ашамыз. Олар жан-жақты, сапалы білім алуы керек. Ал, өзіміз шағын үй салып, сонда тұра береміз” дейді екен. Бұл ағаның бір ғана арманы, жоспары. Аға бүгінмен ғана, бір күнмен ғана ғұмыр кешкен жоқ. Ол ұлттық деңгейде ойналанатын адам еді, сосын да шығар ұлттың ұлы боп кеткені - дейді телепродюсер. 

Коронавирустың таралуынын негізгі себебі белгілі болды
Елімізде балалар арасында ковидтен де қауіпті індет пайда болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу