Елімізде балалар арасында ковидтен де қауіпті індет пайда болды (видео)
Ата-аналардың назарына! Елде балалар арасында ковидтен де қауіпті Кавасаки синдромы тарап жатыр. Белгісіз дерт ресми түрде тек үш бүлдіршінде ғана расталса да, шын мәнісінде сандар мүлдем басқа болуы мүмкін дейді білетіндер. Десе де, дәрігерлер Жапониядан тараған салдары қиын індеттің адамнан адамға жұқпайтынын айтып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
- Жыл басынан бері елімізде Кавасаки синдромына шалдығудың үш жағдайы Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларында тіркелген. Балалардың жағдайы әртүрлі. Мысалы, жақында мен елорданың денсаулық сақтау басшысымен сөйлестім.Оның айтуына қарағанда астанадағы баланың жағдайы тұрақталып келеді. Бірақ, бұл өте ауыр синдром дейді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Сондай-ақ, қауіпті ауру Ақтөбеден де табылды. Екі баладан Кавасаки синдромына шалдыққандығы туралы ақпараттар тарап, бұл мәліметті аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері растады. Алайда, дәрігерлер осыған ұқсас диагнозы бар балалар саны одан да көп болуы мүмкін дейді.
- Шын мәнінде мұндай диагнозы бар балалар бұрыннан түсетін. Қазіргі елдегі эпид. ахуалынан байланысты бұл індетке шалдығу деңгейі артып отыр. Алайда, барлық балалар ақ халаттылардың бақылауында. Бір баланың бөртпесі, екіншісінің демікпесі пайда болған. Енді бірінің іші ауырып, үздіксіз құсып жатыр. Сондай-ақ, бәрінің дене қызуы 38-ден жоғары - дейді Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерініңмедициналық бөлім бойынша орынбасары Роза Өтегенова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram