Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Жұлдыз Әбдікәрімова өз анасы мен жолдасы Қайрат Нұртастың құшақтасып тұрған фотосымен бөлісіп, көпшілікті бір қуантып қойды. Желідегілер суретте күлімдеп тұрған енесі мен күйеу баласына риза болып, оларға қатысты пікірлерін қарша жаудырған.
Қайрат Нұртас пен енесінің фотосы Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram парақшасында жарияланған. Онда олардың табиғат аясында күлімсіреп тұрғандарын көруге болады.
Хитменнің туған анасы желіде анағұрлым танымал әрі белсенді болса, енесі ғаламтор кеңістігінде мүлдем көрінбейді. Ал эстрада жұлдызы екеуінің фотолары тіптен сирек кездесетін дүние болып табылады.
Желідегілердің бұл суретке ерекше сүйсінуінің себебі де осында жатыр. Оқырмандар Қайрат Нұртас пен енесінің арақатынасына әрі өзара сыйластығына тәнті болған.