«1 қыркүйекте қанша оқушы сабаққа барады?» - министр жауап берді

Oinet.kz 04-08-2020 1184

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап 157 мыңнан астам оқушы штаттық режимде білім алатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

image.png

Зерттеу: Қазақстандық балалардың Қытай, Мексика, Сауд Арабиясындағы құрдастарына қарағанда әлеуеті жоғары

- "1 қыркүйектен бастап оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Шалғайдағы ауылдық шағын мектептер штаттық режимде оқи бастайды. Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарға сай кезекшілік сыныптар ашылады. Бір кабинетте бір мұғаліммен сабақ береді", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Министр кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде қабылданатынын айтты.

- "Алдын ала болжам бойынша, 2,6 миллион мектеп оқушысы интернет-платформалар мен теледидарды қолдана отырып қашықтықтан білім алады, 530 мың бала кезекші сыныптарда және 157 мыңнан астам оқушы штаттық режимде оқиды", - деп толықтырды білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, ол мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша балалар кезекші топтарға қабылданатынын айтты.

- "Тиісінше, бұл топтардағы балалар саны 15-тен аспауы керек. Балалар ата-аналарының өтініші бойынша сабақтарға қашықтықтан немесе жеке-жеке қатыса алады, сонымен қатар үйірмелерге, бес адамнан аспайтын шағын топтарға қатыса алады", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Ерекше қажеттіліктері бар ата-аналар мен балалар үшін онлайн режимінде консультация, жеке қабылдау формасы бойынша қабылдау болады.

Қазақстанда коронавирустан тағы 33 адам көз жұмды
Еліміздегі ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда салынып жатыр: Қаражатты кім бөлді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу