Қазақстанда коронавирустан тағы 33 адам көз жұмды
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысында коронавирус індетіне қатысты соңғы статистиканы жария етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Онда өткен тәулікте елімізде қауіпті дерттен 33 адамның көз жұмған.
"3 тамыздағы жағдай бойынша елімізде Covid-19 жұқтырған 93 820 науқас тіркелді. Олардың ішінде 27 597 пациент ем алып жатыр. 65 132 науқас жазылып шықты. Коронавирус індетінен 1 091 адам қайтыс болды", - деді Цой.
Cоңғы деректерге жүгінсек, елімізде өткен тәулікте қауіпті індетті жұқтырған 1158 адам тіркелген.