Карантин талаптары сақталуда
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков Шымкент медицина колледжіндегі санитарлық режим талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді. Қоғамдық бақылау барысында кіре берісте кезешіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді зарарсыздандыру жұмыстары талап деңгейінде жүргізілуде.
Қоғамдық бақылау нәтижесі бойынша 175 оқытушының, 5 оқытушысы қызмет орнында екені анықталды. Қалған оқытушылар еңбек демалысында. Абитуренттерді egov.kz порталы арқылы онлайн қабылдауда. Ал, оқу орнына келген талапкерлерді толық санитарлық ржимдеріне сай қабылдауда.