Шымкент қаласы аумағында карантин режимі бойынша мониторинг жүргізілді
Шымкент қаласы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық әкім аппараттарының кәсіпкерлікті қолдау бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторинг топтары Шымкент қаласының Еримбетов, Рысқұлов, Уалиханов, Тауке хан, Алдияров, Бейбітшілік, Жиделібайсын, Қазиев, Өтегенов, Республика, Байтұрсынов, Уалиханов, Түркістан, Қабанбай батыр, Спортивный, Қазыбек би, Момышұлы, көшелерінде орналасқан нысандарға мониторинг жүргізді.
15.07.2020ж. мониторингпен 50 нысан қамтылды, соның ішінде:
·тағам нысандары – 26.
·коммуналдық нысандар – 24.
Мониторингпен қамтылған нысандардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитарлық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантиндік режимнің сақталуы бойынша мониторингі жалғасуда.