Белсенділер Елорда әкімдігін сотқа берді (фото)

Oinet.kz 10-07-2020 2267

Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі елорда әкімдігін сотқа берді. Белсенділер елорда күні пандемияға қарсы атылған от шашуға наразы екенін білдірген, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Қоғам белсендісінің айтуынша, отшашуға жұмсалған қаражат шамамен 1,5 миллиард теңге. Ол "бұл қаржы науқастарды емдеуге жұмсалуы керек еді" деген пікірде. Сонымен қатар, әкімдіктің әрекеті "ақшаны демеушілер бөлді" деген түсініктемемен ақталмауы керек дейді. Белсенділер отшашу тыныштық туралы заңды бұзғанын жеткізді. 

- "Егер кімде кім 23.00-ден кейін шулы шара өткізсе, онда жаза қолдану керек. Өйткені, 23.00-ден кейін адамдар ұйқыға кетеді және олар тыныштықта демалуға құқылы. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзу болып табылады. Көптеген пациенттер, көптеген адамдар бұны дұрыс қабылдаған жоқ", - деді "Халық дауысы" қоғамдық ұйымының президенті Дәулет Әлмұрат. 

image.png

Тоқаев экс-министрліктің жұмысын қатаң сынға алды
ХҚКО-да өз кезегін күтіп тұрған әйел босанды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу