Тоқаев экс-министрліктің жұмысын қатаң сынға алды

Oinet.kz 10-07-2020 1860

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығын қатаң сынға алды. Олардың коронавируспен күресте жіберген қателіктеріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

- Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болды, - деді Тоқаев. 

Сондай-ақ, министрліктің тағы бір кемшілігіне тоқталып өтті. 

- Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз. Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті. Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады, - деді Президент.

Тоқаев әйеліне 12 көлік әперген шенеунікті қызметінен босатты
Белсенділер Елорда әкімдігін сотқа берді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу