" /> " /> " /> "40 минуттай сөйлестік". Алексей Цой шымкенттік Айна Бакеевамен қандай келісімге келгенін-Жаңалықтар

"40 минуттай сөйлестік". Алексей Цой шымкенттік Айна Бакеевамен қандай келісімге келгенін

Oinet.kz 08-07-2020 1328

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президентке видеоүндеу жолдаған шымкенттік дәрігермен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

"Доктор Айнаның емдеу әдісінің қиындығы туралы мәлімдемесіне байланысты көп сұрақ болды. Бүгін біз онымен байланыстық. 40 минуттай сөйлестік. Мен негізгі мәселені түсіндім. Медициналық қызметкерлердің арасында әлеуметтік желілерде түрлі емдеу курстарын жариялайтынын және соған уайымдайтынын айтты. Біздің науқастар осыны желілерде оқып өздігінен емделе бастайды, препараттарды ішеді. Кейде бұл препараттардың салдарынан жағдайы нашарлайды. Оған азаматтар осы сұрақтың жауабын білу үшін хабарласады. Біз онымен сөйлестік", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Алексей Цой министрлік емдеу бойынша мамандар бекіткен, ресми ұсыным дайындағанын атап өтті. Олар ДСМ сайттарында және әлеуметтік желілерге жүктеледі. 

"Оның ішінде, ол да емдеу хаттамасын өзінің ресурстары арқылы көмектесуге уәде етті. Бізге басқа да көмектескісі келетін әріптестеріміз көмектескісі келеді. Маған Facebook-те блогерлер де, азаматтық қоғам да өздерінің алаңдарындағы жарнамалық мониторларға роликтерді тегін жариялауға дайын екенін жазып жатыр. Яғни қазір бизнес нарығының әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, реабилитолог Айна Бакеева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырып ауырып қалғандарды емдеу хаттамасын қайта қарауды өтінген. Қазақстандықтар роликті желілер арқылы таратты. 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.

Назарбаев кімдермен дос екенін айтты
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу