Назарбаев кімдермен дос екенін айтты
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында қай елдің президенттерімен достық қарым-қатынаста болғанын айтты.
«Жуырда менің өтінішім бойынша аппаратым мен президент болған кезімде менің 80-нен астам елде болып, әлем мемлекеттерінің президенттерімен және үкімет басшыларымен, танымал саясаткерлермен, экономистермен, қаржыгерлермен және ғалымдармен 2000 кездесу өткізгенімді анықтады.
Мәселен, Еуропаның Хельмут Коль, Франсуа Миттеран, Маргарет Тэтчер, Тони Блэр, Берлускони сияқты көшбасшылар бар. Жапонияның бірнеше премьер-министрлерімен, әсіресе Оңтүстік Корея премьер-министрлерімен дос болдым. Немесе Қытайды алайық, Си Цзиньпиннен, Ху Цинтаодан, Цзян Цзэминнен бастап, барлығымен достық қатынастамын. Қазақстанға кейбір мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл біздің көршілеріміз, әсіресе Ресей мен Қытай - жақын көршілеріміз. Олардан ешқайда қашып құтылмайсың, құдайдың бергендері», - деді ол.
Назарбаев сондай-ақ АҚШ президенттерімен достығы туралы айтты.
«Мен кездестірген, дос болған АҚШ президенттерінің бірі Үлкен Джордж Буш болды, біз онымен "Шеврон" компаниясымен келісім жасасып, одан 40 миллиард долларға жуық инвестиция келген болатын. Ол қайтыс болғанға дейін біз байланыста болып, дос болып қала бердік. Мен екі рет оның Техас қаласындағы, Атлант мұхитының жағасындағы үйінде ұлы Кіші Джордж Бушпен болдым. Клинтонмен, Обамамен де дос болдым», - деді елбасы өзінің баспасөз қызметі жариялаған сұхбатында.