Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Oinet.kz 08-07-2020 1093

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Сарапшылардың мәліметінше, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,7 пайызға көп. 

Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында -  39,9 мың теңге. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 36,9 мың теңге болған.

Екінші қатарда Нұр-Сұлтан тұр. Елордадағы ең төменгі күнкөріс құны 39,5 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2 пайызға көп.

Тізімде үшінші орында Алматы тұр, онда ең төменгі өмір сүру деңгейі 37,3 мың теңге болды.

image.png

"40 минуттай сөйлестік". Алексей Цой шымкенттік Айна Бакеевамен қандай келісімге келгенін
Ордабасыда суармалы жерлер игерілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу