Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз тәжірибесін пайдалана отырып, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көмектесуге тырысып жүргенін айтты. Бұл туралы 6 шілде күні "Хабар" телеарнасында көрсетілген "Келесі буын мені жақсырақ ете берсін..." деректі фильмінде айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz.
- "Ол (Тоқаев-ескерт.) кеңес сұрайды, қателік жібермейтіндей мен үлкен тәжірибеммен бөлісуге тырысамын. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Nur Otan саяси партиясының басшысы ретінде Қазақстан мен оның қауіпсіздігінің стратегиялық даму бағыттарын байқап жүрмін, саяси жүйенің демократиялық арнада қалыпты дамығанын және сонымен қатар біз отырған ортақ қайығымыз шайқалмағанын қадағалаймын", - деді Н.Назарбаев деректі фильмде.
Дүйсенбі, 6 шілде, Назарбаев 80-жылдық мерейтойын атап өтті. Ол Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған, бірақ 2019 жылғы 20 наурызда Nur Otan партиясының төрағасы, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы және Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы болып қала отырып, Президент өкілеттігін тоқтатты.
- "Келесі буын мені жақсырақ етеді..." фильмінің түсірілімі наурыз айынан маусым айына дейін жүзеге асырылды. Жоба үшін БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунның, ММУ ректоры Виктор Садовничийдің, журналист Михаил Гусманның және басқа да танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің сұхбаты арнайы жазылған.
Фильм барысында Елбасы Қазақстанның және бүкіл әлемнің болашағы туралы өз ойымен бөліседі.