«Дәріханаларда дәрі-дәрмек қашан қолжетімді болады?» - министр жауап берді

Oinet.kz 07-07-2020 1499

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектер дәріханаларда қашан пайда болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Соңғы уақытта елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы кең етек алуда. Халық дәріханаларға кезекке тұрып, қажетті препараттарына қол жеткізе алмай жатыр. Осы мәселеге қатысты министр жауап берді. 

Оның сөзінше, жақын арада халық толығымен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

- "Қоймалардан дәрі-дәрмектер жеңілдетілген түрде көтерме сауда компанияларына келеді. Болашақта олар дәрі-дәрмек сататын бөлшек сауда орындарына тікелей сатылатын болады. Кедергілерді жойдық. Қысқа мерзімде дәрі-дәрмектер нарыққа шығады", - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Ол министрлік дәрі-дәрмектің бағасын да қадағалайтынын атап өтті. Әр облыста әкімдіктер жанынан арнайы топтар құрылды, олар дәрі-дәрмектердің белгіленген баға шегінде сатылуын қамтамасыз етеді.

Назарбаев Тоқаевқа қалай көмектесіп жүргенін айтты
Елімізде 28 мың адам пневмониямен стационарда жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу