Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы екі апталық локдун кезінде Алматыда жәрдемақы төлеу мәселесін түсіндірді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Онлайн-брифингте Данияр Әлкебайұлы локдаун уақытында жұмыссыз қалғандарға төлем қарастырылған ба және кімге жәрдемақы алуға болады деген сұраққа жауап берді.
- Қазіргі уақытта төлем қарастырылмаған. Алайда локдаун кезінде немесе онсыз, отбасы ауыр жағдайда қалса не болмаса табысы қысқарса, олар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасай алады. Басқа да әлеуметтік көмек түрлері бар, оған толық кеңес ала алады, - деді ол.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап күшейтілген карантин кезеңінде қазақстандықтарға 42 500 теңге төлем берілмейтінін мәлімдеген болатын.
Бұл ретте белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов үкіметті карантин кезінде уақытша жұмыссыз қалған қазақстандықтарға төлем тағайындауға шақырды.