«Бұл анық қастандық» - Қуандық Шамахайұлының жары

Oinet.kz 30-06-2020 2076

Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ел арасында түрліше пікірлер қалыптасуда. Ал, оның жары жолдасына қастандық жасалғанын алға тартуда, деп хабарлайды Oinet.kz  Atameken Business News арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Дәрігерлердің айтуынша алты күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен марқұмның жағдайы соңғы уақытта күрт нашарлап кеткен. Алайда, туыстары бұл айтқандарына сенбей отыр. Себебі, қоғам белсендісінің әлеуметтік желіде қалдырған соңғы жазбасы күдік ұялатуда. Бұған қоса, қайтыс болар алдында таңғы сағат 4 жарымда жары марқұм жолдасымен ауруханда кездескенін жеткізді. 

Қуандық Шамақайұлы қайтыс болмас бұрын желіде қалдырған жазбасы жұртты дүр сілкіндірді. Сөзінше, оған түнгі 2-лер шамасында дәрігер келіп әлдебір ақ дәрі іш деп беріп кеткен. Мұны оқыған марқұм журналистің жары мен ұлы түн жарымда ауруханы шулатып, науқастың жағдайын білмекші болып ем орталығына барып қайтқан. Ақыры оның аман екеніне көздерін жеткізген отбасы мүшелері үйлеріне оралған. Ал ертесі олардың үйіне суық хабар жетіпті. 

- Бұл қастандық. Өйткені түнде маған хабарлама жолдапты. Онда күйеуім "Мені түнгі 2-де оятып, бір қағаздарға қол қойғызып, аузыма дәрі салып кетті. Бұл не дәрі деп едім, вирусқа қарсы дәрі деп жауап берді. Жанымда жатқан басқа науқастарға берген жоқ" деп жазып жіберіпті. Сөйткенде ауруханаға барсақ, рахаттанып ұйықтап жатыр екен. Оятып алып, жүр алып кетейік деп едім, "жоқ ешнәрсе етпейді, кете беріңдер" деп қалып қалды, - дейді марқұмның әйелі Айша Тұрмағамбетова. 

Дәрігер туыстарына алувиа дәрісін бердік деп айтқан, алайда марқұмның жақындарының айтуларынша, бұл препарат ақ емес, қызыл түсті болады екен. Басқарма өкілдері науқастың жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтады деп сендіруде. 

Қуандық Шамақайұлы осыдан алты күн бұрын COVID-19 жұқтырды деген күдікпен, елордадағы көпбейінді аурухана түскен. Бірақ соңғы кездері ол жағдайы жақсарып, тәбеті қайта оралғанын айтып жүріпті. 

- Қиналып жатқандарға,көмек жетпей жатқандарға бармай, тыныш ұйықтап жатқан, көмек сұрамаған адамға шырт ұйқысынан оятып, дәрі беруде өлтіруден өзге қандай мақсат болу керек. Бұл анық қастандық, - деп жазды желідегі парақшасында Қуандық Шамақайұлының жары. 

Қоғам белсенділері министрліктен істің мән-жайын анықтауды талап етіп отыр. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 22 мыңға жуықтады
Тоқаев сөгіс жариялаған әкімдердің бірі мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу