Ауруханада орын болады, дәрігер болмайды - Қисықова
Елордалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты
Қисықова ауруханада орын жеткілікті болғанымен дәрігер тапшы екенін айтты. Коронавирусты емдеу үшін білікті мамандар қажет, олар өте аз, саусақпен санарлық дейді ол.
"Құрметті қала тұрғындары! Коронавирустық инфекцияны, оның асқынуын және одан әрі емделуін диагностикалау үшін бірнеше жылдар бойы дайындалатын жоғары білікті медициналық кадрлар қажет. Инфекциялық төсектердің санын шексіз көбейтуге болады, бірақ дәрігерлер мен медбикелер жеткіліксіз болатын уақыт келеді. Сондықтан өзіңіздің және өзгелердің денсаулығын ойлаңыз" - деді қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы.
Осылайша Нұр-Сұлтан қалалсы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова халықты сақтанып жүруге шақырды.