Журналист: «Әйелдер күйеуінен пәк күйінде тұрмысқа шықпаған соң таяқ жейді»

Oinet.kz 16-06-2020 2682

Еліміздегі тәуелсіз журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында әйелдер күйеулерінен не үшін зорлық-зомбылық көретінін түсіндірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

UxvdLR8gTjdRTsF0o4QJ0ATCYsqSkPL1MZWMa5JP.jpeg

Жеңіс Құспанның айтуынша, бұндай келеңсіз жайтқа әйелдердің өздері кінәлі екен. Себебі, олар тұрмысқа пәк болмай шығатын көрінеді.

"Қазақ айтады "басқа бәле - тілден" дейді. Бірақ мұның әйел мен ер арасындағы дау-дамауға аса қатысы жоқ деп ойлаймын. Себебі әйелдің мінезі қанша жаман болса да, ер адам оған қол көтере бермейді деп ойлаймын. Тек бір шапалақ берер. Ал негізгі себебі, қыздардың пәк болып тұрмысқа шықпауында. Мәселен, жігіт қызды сүйіп алады. Оның пәк емес екенін білсе де көнеді. Кейін сонысы есіне түскенде, қызғаныш кернейді, ызасы келеді. Сол себепті жұдырық ала жүгіреді. Ал, қыз өз кінәсін сезгендіктен таяққа көніп жүре береді. Таяқ жей берген соң еті өліп, еті үйреніп кетеді. Солай бірге өмір сүре береді. Бұл насырға шапса, күйеуі әйелін өлітіріп алуы да мүмкін, - деп жазады журналист. 

Оның жазуынша отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алудың негізгі жолы - қыз тәрбиесіне көңіл бөлу.

"Қызды барған жеріне пәк болып баруы тиіс екенін санасына құю керек. Оны отбасындағы маңыздылығын айту керекпіз. Қазіргі қыздардың бәрі болмаса да, 50 пайызы пәк емес күйде тұрмысқа шығып жатыр", - деп ол сөзін қорытындылады. 

Вице-министр Людмила Бюрабекова вакцинация туралы маңызды мәлімдеме жасады
Түлкібас ауданында ауыр салмақты көліктерге рейдтік шаралар жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу