Вице-министр Людмила Бюрабекова вакцинация туралы маңызды мәлімдеме жасады
Вице-министр Людмила Бюрабекова вакцинаның қаншалықты маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Вице-министр екпе салдыру туралы мәселе бірнеше рет көтерілгенін, алайда халық әлі де болса бұл сұраққа жауап ала алмай жатқандығын айтты. Міндетті вакцинация төңірегінде сөз қозғаған ол халықты жетерінше ақпараттандырамыз деп отыр.
"Соңғы уақытта вакцинация мәселесі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Сонымен қатар біз министрлік сайтында бірнеше рет вакцинацияның маңыздылығын түсіндіретін онлайн-кездесулер өткіздік, оларға сарапшылар, парламент депутаттары, дәрігерлер және танымал журналистер қатысты. Бүгінгі кездесу де нәтижелі болады деп үміттенемін, және біз ата-аналарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап бере аламыз.
Вакцинация - жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді әдісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша вакцинация жыл сайын 3 миллионнан астам адамның өмірін қорғайды", - деп толықтырды Людмила Бюрабекова.