Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізбек
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алты айдың қорытындысы бойынша үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Бұл туралы сейсенбіде премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
"Алты айдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің тиімділігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында қаралатындығын еске салғым келеді.
Біз экономикалық жағдайдың тұрақтанғанын көріп отырмыз. Нақты сектор тұрақты өсу динамикасын көрсетіп отыр. Біздің міндетіміз - дағдарысқа дейінгі экономикалық даму қарқынын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру", - деді Мамин.
Оған қоса Мамин экономикалық мәселелерге де кеңінен тоқталып, алдыға қойылған жоспарлармымен бөлісті.
"Бұған 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтірудің Кешенді жоспарын іске асыру арқылы жәрдемдесу керекү Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын ұтымды және тиімді жұмсау қажет. Әр теңге экономика үшін жұмыс істеуі керек", - деді Мамин.
Алайда мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысының нақты күні туралы әзірге мәлімет жоқ