Бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, ұжымдық шарт жасалды

Oinet.kz 09-06-2020 1361

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Ақмарал Есмұрзаева сайланды. Мекемедегі кәсіподақ мүшелерінің саны 22 адам.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есмұрзаева Ақмарал Анартайқызы және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арасында келісім-шарт жасалып, оған қол қойылды.

Сонымен қатар, мекеменің жұмыс берушісі атынан басқарма басшысы Мамытұлы Рашид Мыңбаевтың және кәсіподақ тарапынан кәсіподақ комитетінің төрайымы Ақмарал Анартайқызы Есмұрзаеваның арасында ұжымдық шарт жасалып, қол қойылды.

Қол қойылған ұжымдық шарт Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына тіркеуге берілді.

Сондай-ақ, бас қосқан жиында «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ХІ-съезінің материалдары, съез делегаттарының қызметкерлерге, кәсіподақтарға және әлеуметтік серіктестерге үндеуі, Қазақстан Республикасының Еңбек қатынастары туралы Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл 29 мамырда №338 қаулысымен бекіткен «Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспарының» орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл 2 маусымда №441 қаулысымен бекіткен «Қазақстан Республикасында 2019-2023 жылдар аралығында өндірістік жазатайым оқиғаларды және зиянды жұмыс орнындарын азайтуға бағытталған Жол Картасының» орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған БАС КЕЛІСІМ шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының (Жол картасының) орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2020 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың республикалық кәсіподақтар бірлестіктерімен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асыру, 2019 жыл 12 тамызда Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі арасында жасалған өзара әлеуметтік – әріптестік меморандумының орындалуын қамтамасыз ету, Шымкент қаласының әкімдігі, Кәсіпкерлер палатасы және Жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМНІҢ орындалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, оларды іске асыру бағытындағы тиісті шешімдер қабылданды.

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізбек
«Тоқтап тұруы бірталай шығын»: Шымкент әкімі тойханаларға ерекше ұсыныс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу