39 жастағы азамат қайтыс болуына бірнеше минут қалғанда ерекше әрекет жасады
Ер адам анасына Американың Сент-Луис Мэриленд қаласының маңындағы әуежайдан достарымен бірге түскен суретін жіберген. Алайда бірнеше минуттан кейін ұшақ апатынан көз жұмған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
31 мамыр күні 39 жастағы Даниэль Шедд университетте бірге оқыған үш досытарының басқаруымен төрт орынды бір моторлы ұшақпен ұшпақшы болған. Ұшар алдында Шедд достарымен бірге түскен суретін анасына жіберген. Ал әуеге көтерілгеннен кейін бес минуттан соң ұшақ Иллинойс штаты Карлинвилль қаласының маңында құлаған екен.
Шеддтің әкесі Чарльз ұлының достарымен бірге алғаш рет ұшқанын және бұл кезді асыға күткенін айтты. "Олардың көңілдері көтеріңкі еді. Бақытты болды. Ауа-райы керемет еді", - деді ол.
Ол әуе кемесі 1964 жылы шығарылғанын және жақсы жағдайда сақталғанын атап өтті. Жақында жыл сайынғы тексеруден өткен. Полиция жердегі бірнеше куәгердің дауысты естігенін, бірақ нақты не болғанын білмегенін айтты. Апаттың себептері туралы айтуға әлі ерте, тергеу жүріп жатыр.