Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеу қорытындысы шықты

Oinet.kz 28-05-2020 2033

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Oinet.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5BD93C58-F5A0-440D-A987-B06A65F36492.png

"Ағаділ қаладан шықпау туралы қолхаттың ережесін бұзып, тергеу органдарынан қашып, оған іздеу жарияланды. Осыған байланысты сот оған қатысты қамауға алу туралы шешім шығарды. Тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен мамандардан және жоғары дәрежелі кардиологтардан құралған комиссия өлімнің мән-жайы мен себебін мұқият зерттеді", - делінген хабарламада.

"Ағаділдің өліміне оған қойылған асқынған миокард инфаркты диагнозы себеп болды. Нәтижесінде қан ұйығыштығы бұзылып, сол жақ жүрек қарыншасында қан жеткіліксіздігі байқалған. Сарапшылар Ағаділдің денесінен жарақаттар анықтамады. Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділге қатысты іс қылмыстық ережебұзушылық болмағандықтан тоқтатылды", - деді прокуратурадағылар.

Тоқаев қорғаныс министріне әскерилердің білім деңгейін көтеруді тапсырды
Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқас шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу