Болат Назарбаев өзіне қымбат адам жайлы айтып ағынан жарылды
Елбасының інісі Болат Назарбаев отбасына байланысты тың мәліметтерді жеткізді. Қазақстандық танымал кәсіпкер ата-әжесінің қолында өскенін айтып, өзіне олардан қандай қасиет дарығанын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы "Aina TV" арнасына сілтеме жасап.
Болат Назарбаев ата-әжесі оған асқан мейіріммен қарап, бар махаббатын сыйлағанын айтты.
- "Ата -әжемнің қолында өстім. Солардың тәрбиесін алдым. Оларды жоғалту маған қиын болды.Мен оларды өте қатты жақсы көрдім. Шыны керек, олай туған баласындай ешкім еркелеткен жоқ деп ойлаймын. Ондайларды көрген де, естіген де жоқпын. Әкемде де, шешемде де суырыпсалма қасиеті болатын. Екеуі де қалжыңбас кісілер еді. Достарымен қатты әзілдесетін. Ол кездер әлі де есімде. Менің қалжыңға жақындығым сол кісілерден дарыған деп ойлаймын" , - деді Болат Назарбаев.