Алматыда ер адам үш баласын өзіне қайтара алмай жүр
Алматыда үш баланың тағдыры қыл үстінде тұр. Бұл туралы арнамыздағы «Кел, татуласайық» бағдарламасында да көрсеткен едік. Анасы тастап кеткен балалар қазір бейімдеу орталығында.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ал әкесі өз қарауына алайын десе, құжаты жоқ. Егер анасы келіп, үш баланы орталықтан алып әкелеріне табыстамаса, олар жетімдер үйіне өткізіледі.
"Біз сізді қатты, қатты сағындық", - дейді үш бала.
Ата-анасын сағынған 3 бүлдіршін екі айдан бері Алматыдағы бейімдеу орталығында жатыр. Әкелері Айбек Юсупов Қазақстан азаматтығын алмаған. Балалалары анасының тегіне жазылған. Айбек "Кел, татуласайық" ток-шоуында көптен көмек сұрайды. Егер бір аптаның ішінде анасы хабарласпаса, балалары жетімдер үйіне жіберіледі.
"Менің сенен сұрайтыным, кел де, балаларды мағн алып бер. Әрі қарай өзім асыраймын. Менің балаларды тастамайтынымды білесің. Сенен бір ғана өтініш, қайда жүрсең де, кел де балаларды маған алып берші", - деді Айбек экран арқылы әйеліне.
Бұған дейін Айбек Юсуповтың әйелін жезөкше деп атап, балаларын одан алып кеткенін хабарлаған болатын.