Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы сенат қарауына Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыным енгізді.
Президенттің жарлығымен жуырда Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы, ал Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.
Сенаторлар мемлекет басшысының ұсынымын бірауыздан қолдап дауыс берді.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Жоғарғы соттың бұрынғы судьяларына атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа жұмыстарына табыс тіледі.