Қайрат Тұрлыханов өмірден озды

Oinet.kz 13-05-2020 1680

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының қадірлі президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

1589301227_news_b.jpeg

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан ауыр атлетикасының дамуына мол үлес қосқан маман, дарынды басшы, сүйікті әке, кеңпейілді адам еді. Қайрат Болатұлы Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының президенті, азиялық федерациясының вице-президенті болды. Біздің ауыр атлеттеріміздің әлем аренасындағы жетістіктері, беделді халықаралық жарыстардағы жеңістері оның есімімен байланысты. Қайрекең ірі кәсіпорынды басқарып, өмірінің соңына дейін белсенділік танытты. Ұжымы басшысынан айырылып, ауыр қазаға ұшырады. Қайрат Болатұлының жарқын бейнесі әрқашан есімде!", - деген ол марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтты. 

Қайрат Тұрлыханов 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Еуразия нарық университеті мен "Қайнар" университетін бітірген.

1995-1998 жылдары "Бақты" кеден бекетін басқарды. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды. 2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, 2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді. 2010 жылдан "Ақпараттық өндірістік орталық" директоры. "Құрмет" ,"Парасат" ордендерімен марапатталған. "2М органында 15 жыл қызмет еткені үшін", "ҚР Конституциясына 10 жыл" медальдары бар. Республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметтерінде болған. 

Күйеуі «балталап» тастаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 138 жағдай тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу