Тұрсынбек Қабатов лоторея ойнайтын халыққа ренішін білдірді

Oinet.kz 08-05-2020 3987

Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі таңда қызу талқыланып жатқан лотерея жайында сөз қозғады. Тікелей эфир арқылы оқырмандарымен байланысқа шыққан әзілкеш халықтың өзі арзан дүниеге қызығып, ақша табуды көздейтінін айтты. 

Screenshot_6.jpg

- Лотерея деп жыр қылатындарды түсінбеймін. Неге ойнайсыздар? Неге қатысасыздар? Сіздерді күштеп ойнатты ма? Өз еркілеріңізбен ойнап жүрсіздер ғой. Оның лохотрон екенін білмейсіздер ме? Сіздерге қатыспасаң, концертке кірмейсің деді ме? Әлде басшыларыңыз қатыспасаңдар, жұмыстан шығасың деп күштеді ме? Бәрі өз еріктеріңізбен жасалып жатыр ғой. Сол он мың теңгеге тамақ әкеліп, отбасыңызбен тамақтанып отырмайсыздар ма? Артық болып бара жатса, садақаға беріңіз, қайырымдылық қорына аударыңыз, сол кезде лотореядан да көп ақша ұтасыз. 5 мың берсеңіз, 5 миллион болып қайтады. Лотерея деген осы, - деп ренжіді Қабатов. 

Актердың айтпағы, халық лотерея, ұтыс, науқан деген арзан ойындарға жоламасын. Арзан ақша табуды көздемесін. Сол кезде әншілер де, басқалар ұтыс ойнатуды доғарады. 

"Өздеріңіз қатысасыздар, сосын нәтиже болмаған соң ақшамнан айырылдым деп шығасыздар. Одан кейін шегіртке десе, шегіртке деп, кім не айтса, соның соңынан ересіздер. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді", - деді ол.

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болатыны айтылды
Карантинге байланысты Еркенің гонорары 7000-нан 5000 долларға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу