Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болатыны айтылды
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық орталық директорының айтуынша, аурудың екінші толқыны күздің екінші жартысында болуы мүмкін.
"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - деді Дамир Көпжасаров ДСМ медиаорталығында өткен онлайн-брифингте.