Карантинге байланысты Еркенің гонорары 7000-нан 5000 долларға түсті

Oinet.kz 08-05-2020 4976

Фейсбук әлеуметтік желісінде Рейтинг.kz арнасының жүргізушісі әншілердің гонорарын анықтап көрді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Карантин кезде тойсыз қалған әншілердің "ставкасы" қазір қанша? Сол бұрынғы қалпында ма әлде өзгерген бе? Жүргізуші ең бірінші "Алло", "Қайда" әні арқылы жұлдызы жанған Ерке Есмаханға хабарласып көрді. Телефонды көтерген Еркенің өкілі тойға шығу бағасы түскенін айтты.

-Бұрын 7000 АҚШ доллары еді. Карантиннен кейін 5000 долларға түсіріп тастадық. Және доллар бағасы да көтеріліп кетті. Еркені тойға шақыру үшін 5000 доллардан бөлек, 2 адамға ұшаққа билет алу керек. Бір бизнес, бір эконом класс. Ерке бір тойда бір блок, 7-8 ән айтады, - деді әншінің өкілі.

Тұрсынбек Қабатов лоторея ойнайтын халыққа ренішін білдірді
Журналистер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу