Ринат Зайытов су тасқынын ескерусіз қалдырған басшылықты өткір сынға алды

Oinet.kz 06-05-2020 3142

Белгілі айтыскер Ринат Зайытов су басқан ауылдардағы жағдайды ескерусіз қалдырып отырған билікке ашына отырып, жыр арнады. Бұл туралы ақын өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

- Көктем келе салысымен жылда халқымыз жадырап, жайнап күлудің орнына су астында қалып, зар жылап, шарасыз шулайтыны біздің елде әдетті жағдайға айналып бара жатқандай. Жылда Қазақстанның әйтеуір бір-екі өңірі суға батады да жатады. Халық ақша жинайды, біз жұбату сөзін айтып, сабырға шақырамыз. Жыл сайын осы. Неге? Себебі біреу, басшылыққа бәрібір. Міне осы немқұрайлылығының зардабын жазықсыз халық тартады. Әттең... тістеніп отырып жазу жазудан, белсенді топқа азғантай тиын аударудан басқа қолымыздан түк келмейді. Ей, арсыздар ойлансаңдаршы. Жылда суда қалып жатырмыз ғой. Қашан әрекет жасайсыңдар? Келесі қай облыс? - дейді айтыскер ашуға булығып. 

Сондай-ақ, Ринат Зайытов келесі қай облысқа төнер қауіп барын алдын ала ескертулерін талап етті. Сонымен қатар, айтыскер бір күнде Мақтааралды шайып кеткен тілсіз жауды қарапайым халықтың көз жасына теңеді. 

- "Ғажаппыз" деп жылда айтқанмен атамыз

Бір апатқа жылда ұшырап жатамыз.

Қыс келгенде жылу таппай үйлерге

Көктем келсе топан суға батамыз. 

Жемірлерге басты уайым өз басы

Белгілі ғой халыққа қол созбасы

Ей әкімдер бұл жай ғана су емес

Бұл жазықсыз халқымыздың көз жасы, - дейді Ринат Зайытов.  

Тоқаев Кәрім Мәсімовке арнаулы атақ берді
Тағы бір аудан су астында қала жаздады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу