Трамп: Қытай коронавирус жағдайында «өрескел қателігін жасыруға тырысты»

Oinet.kz 04-05-2020 1547

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай елі коронавирус жағдайында өрескел қателік жасап және оны жасыруға тырысып жатқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты РИА Новостиге сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

«Менің ойымша Қытай елі өрескел қателік жасап және оны мойындағысы келмейді. Біз Қытайға тексеру жұмыстарын жасау үшін барғанымызда олар бізге елге кіруімізге рұқсат бермеді. Тіпті, ДДСҰ қарсы болды. 

Менің пікірім: Олар өрескел қателік жасап және оны жасыруға тырысуда, өртті сөндіруге тырысқаны секілді» -  деді Трамп Fox News арнасының эфирінде.

Оның айтуынша Қытай билігі жасаған ең жаман нәрсе «олар Қытайға бірде-бір адамның кіруіне тиым салды, ал АҚШ және әлем елдеріне өз азаматтарының шығуына тиым салмады».

«Біз нағыз керекті уақытта болған жағдайға байланысты есеп алдық. Менің ойымша бұл өте егжей-тегжейлі есеп болады» - деді Дональд Трамп.

«ТЖ режимі 24 шілдеге дейін ұзартылады» - желіде осындай ақпарат таратылауда
Балғынбек Имашев Ахметбек туралы ащы шындықты айтып, пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу