«ТЖ режимі 24 шілдеге дейін ұзартылады» - желіде осындай ақпарат таратылауда
Әлеуметтік желілерде карантин мерзімі 24 шілдеге дейін ұзартылады деген жалған ақпарат желдей есуде. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтылған. Алайда, видео кесілген болып шықты. Сюжеттің толық нұсқасында Франциядағы ТЖ режимін ұзарту туралы айтылған.
Француз парламенті коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған шаралар 24 наурыздан бастап күшіне енген. Бұл режим екі айға қабылданған, яғни, 24 мамырға дейін. 28 сәуірде Франция премьер-министрі Эдуар Филипп 11 мамырда аяқталуы керек болған карантин режимі туралы заң күшін ұзартуды ұсынған.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда жарияланған. Ал 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ режиімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.