Министр "халық аштан өледі" деген әншіге 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды
Райымқұлованың әлеуметтік төлем туралы сөз қозғауына әнші Бүркіттің әлеуметтік желідегі үндеуі себеп болды.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "адамдар аштан өледі" деп әлеуметтік желіні шулатқан әнші Бүркітке 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды.
"Қиындық тууына байланысты, мемлекет жеңілдіктер ұсынып отыр. Сондықтан мәдениет, архив, туризм салаларындағы біздің әртістеріміз өздерінің күнделікті табысынан айырылып жатса, мемлекеттің ұсынып отырған әртүрлі көмегін олардың да алуға құқы бар", - дейді министр.Райымқұлованың әлеуметтік төлем туралы сөз қозғауына әнші Бүркіттің әлеуметтік желідегі үндеуі себеп, деп хабарлады КТК.
Онда шоу-бизнес жұлдызы президенттен карантин тәртібін жеңілдетуді сұраған.
"Егер жеңілдетпесе, бұқара індеттен емес, аштан өледі" деген еді ол. Министрдің айтуынша, әзірге ешбір әнші, әртіс немесе басқа да өнер адамдары 42 500 теңгеге құжат тапсырмапты.