42 500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтыны белгілі болды

Oinet.kz 21-04-2020 1088

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Вице-министрдің сөзінше, әлеуметтік төлемді екінші рет алу үшін қосымша өтініш жазудың қажеті жоқ. Алайда жәрдемақы барлығына бірдей түспейді. 

- "Біз аудандық жұмыспен қамту штабтарымен бірге міндетті түрде деректерді салыстырамыз. Жұмысқа шығып, табысын қалпына келтіре бастаған жұмысшыларға екінші айға төленбейді. Бұл үшін egov.kz порталында арнайы форма әзірленді. Ол жерде кез келген адам жұмысына оралғанын хабарлап, төлемнен өздігінен бас тарта алады", - деді Мұқышев әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында. 

Айта кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтқан болатын. Министрдің айтуынша, 42500 теңге алғаны үшін немесе жәрдемақыны алғанда қателесіп кеткені үшін ешкім жазаланбайды. 

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жасалды
Ринат Зайытов өзін итке теңеген адамға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу