Көршілер бір-бірімен сөйлескеннен коронавирус көбеюде - бас санитар

Oinet.kz 17-04-2020 1303

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көршілермен байланыс кезінде коронавирус жұқтырып жатқандар бар екенін айтты. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

Screenshot_18.jpg

- Инфекцияның таралуын талдаған кезде, бір науқастың 80-ге жуық адамға жұқтырғаны анықталды. Карантинде көршілер бір-бірімен сөйлесулерін тоқтатар емес. Сосын бір-біріне жұқтырады.  Бізде мұндай жағдайлар бар, - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, орташа есеппен бір науқас 30 адаммен байланысады,  соның 70 пайызы осы дертті жұқтырып алады екен.

- Бұл толықтай симптомдары жоқ дені сау адамның басқаларға инфекция көзі екенін білдіреді. Яғни, ол айналасындағылардың бәрін жұқтыруды жалғастырады. Көршілер бір-бірімен сөйлесуін тоқтатпағандықтан, бір-біріне жұқтырып, тұтас подьезд болып ауырып жатқандар бар, - дейді бас санитарлық дәрігер.

Жалпы, Қазақстанда қазіргі таңда коронавирус жұқтырған азаматтардың ауру белгісін байқамай немесе жеңіл түрде көтеретіндердің үлесі - 79 пайыз. Қалған 18 пайызы ауруды орташа жағдайда бастан өткерсе, 21 адамның жағдайы ауыр, ал 2 адамның жағдайы аса ауыр.

Алтынай Жорабаева өздерін кіналай беретін көпшілікке өкпесін жеткізді
Қазақстанға көмекке келген Қытай дәрігерлері жұмыстарын аяқтауға аз-ақ қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу