Алтынай Жорабаева өздерін кіналай беретін көпшілікке өкпесін жеткізді

Oinet.kz 17-04-2020 5777

Қазақтың әнші қызы Алтынай Жорабаева көпшілікке өкпесін айтты. Әншілердің де халықтың бір бөлшегі екенін, одан бөліп жарып қарауға болмайтынын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz

Screenshot_17.jpg

"Қай кезде де әнші, жыршылардың абыройы түспеген. Ел басына күн туған шақты елді әншілер қолдаған. Ханға да хабарды ақындар, әншілер арқылы жеткізіп отырған. Әнші мен халық деп екі бөліп жүргендер бар? Әнші адам емес пе? Олар да халықтың бір бөлшегі. Көпке көп көмектесетін де әншілер. Күніге қаншама хаттар келеді. Көмек сұарушылар көп. Оның бәріне болмаса да, қолымыздан келгенінен көмектесемін. Оның бәрін жария қылып, мақтан үшін атып отырмаймыз. Бізді көйлегіміздің, әрі-бері жолымыз, жатар қонақ үйіміздің, сахнамыздың өзі ақша. Жалға аламыз, ұшаққа билет аламыз. Одан бөлек әр әншінің артында ағайын тұрады. Оның бәріне көмектесу міндеті бар. Бір ән ұсыну үшін қанша қаражат кетеді. Қазір бәрі рейтингтің құлы. Журналистер де іші-бауырыңа кіріп, сұхбат алады, да кемшілігіңді көрсетеді. Әншілер бөлек әлем емес, әншілер де халық", - деп жазды Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Болат Назарбаев Меккеде еріксіз жылағанын айтты
Көршілер бір-бірімен сөйлескеннен коронавирус көбеюде - бас санитар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу