Алматыда коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы ауыр

Oinet.kz 15-04-2020 845

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде қалада 311 науқас ем алып жатыр. Науқастардың ішінде - төрт бала мен үш жүкті әйел бар.

- "253 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуінің жағдайы ауыр, 55 ересек адамның жағдайы орташа ауыр", - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, провизорлық госпитальдерде 343 адам ем алып жатыр. Олардың 11-і балалар, 419 адам карантинге жатқызылса, 7 097 адам үй карантинінде.

Еске салайық, бүгінде Алматыда 370 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 58-і аурухунадан шығарылды, екі адам қайтыс болды. 

«Өз балаларын пышақтап тастаған» келіншек өзіне қол салмақшы болған
Нұр-Сұлтанда ер адам 10 қабаттағы өз үйінің терезесінен секіріп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу