Карантин: Елордалық бүлдіршін терезеден секіріп мерт болды

Oinet.kz 14-04-2020 1461

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде екі бала терезеден секіріп кеткен. Олардың бірі қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

image.png

Елордалық полиция департаментінің басшысы карантин уақытында қаладағы қылмыстар саны күрт төмендегенін мәлімдеді. Ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа да "көше қылмыстары" саны азайған. Жұмыссыз аптаның енгізілуіне байланысты қала көшелерінде көліктер көп емес. Соның нәтижесінде жол көлік апаты 76 пайызға қысқарған. Қалада "үй-жұмыс" бағытын бұзған, сонымен қатар мас күйінде көлік тізгіндеген 588 транспорт айыппұл тұрағына қойылды. 36 адам ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылған. 67 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Жол ережесін бұзғаны үшін 135 адам әкімшілік қамауға тартылды. Ержан Сәденов карантин режимін бұзуды жалғастырып жатқан азаматтар тарапының түсінбеушілік танытпағанына өкінетінін айтты. Әр түрлі заңға қарсы әрекет еткені үшін полицияға 2838 адам тартылды, олардың 1770-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар департамент басшысы үйдегі балалардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуді сұрады.

- "Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, өкінішке орай оның бірі мерт болды", - деді Е.Сәденов. 

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті.

Қазақстан Қытай Елшісіне наразылық білдірді
Әйел төрт жыл бойы жүкті екенін білмеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу