Қазақстан Қытай Елшісіне наразылық білдірді

Oinet.kz 14-04-2020 1135

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

image.png

- «Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті», - делінген ҚР СІМ ақпаратында. Сондай-ақ мәлім болғандай, Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов өмірден өтті
Карантин: Елордалық бүлдіршін терезеден секіріп мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу