Молдағасымова коронавирус жұқтырған алматылық ақ халаттылар жайлы: «Себеп - қауіпсіздік шарасын сақт

Oinet.kz 13-04-2020 1676

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында 27 дәрігер коронавирус жұқтырған. Медициналық мекемеде ауру жұқтыру фактісі анықталған соң, мегаполистің Орталық ауруханасында қабылдау бөлмесі мен бөлімдердің бірі карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы телеарнасына сілтеме жасап. 

5e86eecb429f3461910595-1024x658-1.jpg

Оңтүстік астананың бас санитары Айзат Молдағасымова мұндай жағдайдың қалай орын алғанына тоқталды. Оның айтуынша, ақ халаттылар қауіпсіздік ережелерін бұзған болуы мүмкін. Ауруханада дәрігерлердің жаппай ауру жұқтырғаны белгілі болған соң, вирус анықталған медицина қызметкерлерімен жақын байланыста болған 200-ге тарта пациентті оқшаулауға тура келген. 

"Себептердің бірі медициналық қызметкерлердің өздерінің барлық қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады. (...) Мүмкін ол жерді инфекциялық емес аурухана деп ойлаған шығар. Мүмкін олардың саны аз ғой деп үміттенген болар", – деді Айзат Молдағасымова. 

Маманның сөзінше, Алматыда қорғаныс құралдары жеткілікті. Аурухана басшысы дәрігерлерді барлық қажетті құралмен, маскалар мен арнайы киіммен қамтамасыз ету керек болған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін 11 сәуір күні Алматыда COVID-19 анықталған 14 адамның 12-сі медицина қызметкерлері екенін жазған едік. Жексенбі күні бұл сан тағы 15-ке өскен.

Сауда орталықтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды
Коронавирус: Елімізде жұқтырғандар саны 970-тен асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу