276 мың қазақстандыққа 42 мың 500 теңге тағайындалды

Oinet.kz 09-04-2020 2267

276 мыңнан астам азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем берілді. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауының Telegram-каналында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшiсі. 

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаy министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан кірісінен айырылғандардан 42 500 теңге мөлшерінде мемлекеттік көмек алуға 1 773 791 бірегей өтінім қабылданды. Жалпы, шамамен 3 млн 128 мың өтінім келіп түсті. Сол 3 млн ішінде қайталанатын өтініштер - 1 млн 355 мың» делінген таратылған ақпаратта. 8 сәyір күні кешкісін 276 756 қазақстандыққа көмек тағайындалып, төленген.

Нұр-Сұлтанда қарттар үйінде 34 адам коронавирус жұқтырып, 2 адам қайтыс болған
Қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтанға келіп жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу