Нұр-Сұлтанда қарттар үйінде 34 адам коронавирус жұқтырып, 2 адам қайтыс болған

Oinet.kz 09-04-2020 2523

Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайын ауылындағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 34 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото: REUTERS

9 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Ақмола облысында 56 адам коронавирус жұқтырған.

Соңғы 13 жағдай 9 сәуірде тіркелген. Барлық 13 адам Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының келушілері. Осыған дейін олардың барлығынан сараптама алынды. Науқастармен байланысқан 216 адам анықталды.

"Осы коронавирус ошағындағы 34 адамнан COVID-19 анықталды. Барлығы да 2 сәуірде Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған 1974 жылғы ер адаммен байланыста болған", - деді Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 764-ке жетті.

Елбасының «Birgemiz» Қоғамдық қоры мұқтаж азаматтарға 50 мыңнан бере бастады
276 мың қазақстандыққа 42 мың 500 теңге тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу