Ғалымдар коронавирустың өршитін мерзімін атады
Мичиганнан шыққан америкалық ғалымдар көптеген жылдар бойы басқа коронавирустарды бақылап келген. Мамандардың мәліметінше, танымал 7 коронавирустың төртеуі адамда тұмауға ұқсас маусымдық індет тудырады екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2010 жылы ғалымдар жұқтырған кезде жеңіл белгілерді тудыратын төрт коронавирустың (OC43, 229E, HKU1 және NL63) таралуын бақылай бастаған. Қазіргі уақытта мамандар SARS-CoV-2 таралуын бақылап отыр. Коронавирустың көп дерегі желтоқсаннан бастап сәуір-мамыр айларының аралығында тіркелген. Дегенмен вирустың өршуі қаңтар-ақпан айында байқалған. Тек 2,5%-ы ғана маусым мен қыркүйек айларында болған. Маусымдық коронавирустар COVID-19 инфекциясын тудыратын SARS-CoV-2-мен байланысты. Алайда жаңа коронавирустың дәл осылай әрекет ететін не әрекет етпейтіні әлі белгісіз делінген баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, бұған дейін жапондық ғалымдардың COVID-19 инфекциясының белгілерінсіз ауырған адамдардан өкпенің зақымдалуы анықталғанын мәлімдеген еді. Зерттеуге Diamond Princess круиздік лайнерінің 76 жолушысы қатысқан. Оларда ауру белгілері болмағанымен, арасындағы 41 адамның өкпесі зақымдалғаны белгілі болған. Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!