Дауыл ұшырған шатырдың кесірінен екі адам көз жұмды

Oinet.kz 09-04-2020 1000

Қирап, жел ұшырған шатырлардың салдарынан еліміздің солтүстігінде екі адам қайтыс болды. Жалпы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында күніне 160-тан астам шатыр ұшып, ондаған адам жарақат алды. Бұл өңірлер, сонымен қатар Қостанай облысы да дауылдың кесірінен жарықсыз, жылусыз және сусыз қалды, деп хабарлайды zakon.kz. 

Синоптиктер мұның бәріне кінәлінің не екенін де жақсы біліп отыр: бұл Салехардтан шыққан циклон. Болжам бойынша, ол солтүстік өңірде 13 сәуірге дейін болады.

Ақмола облысында қатты дауыл тұрып, көзге көрінген нәрсенің барлығын жермен-жексен етті. Автобус аялдамаларын, ағаштарды құлатып, ғимараттардың жабындыларын ұшырып әкетті. Көкшетау "ұшатын шатырлар" қаласына айналды. Ұйытқыған дауыл шатырларды бір-бірлеп жыртып әкетті. Жақында қалпына келтірілген шатыр да дауылға шыдас бере алмады. Ұшқан шатыр үйіндісі астында ондаған көлік пен адам қалып қойды. Жарақат алғандардың екеуі қайтыс болды. Бурабай ауданының 40 жастағы тұрғынына көлігін қрйған аула ғимаратының шатыры құлап, мерт болды. Ол күзетші болып жұмыс істепті. Дәрігерлер Көкшетау тұрғынын ауыр жарақаттан құтқармақ болды, бірақ ол отан кейін қайтыс болды.

- Жедел жәрдеммен бізге 18 адам жеткізілді. Олардың ішінде бір жас жігіттің ми жарақатын алған, бізге ауыр жағдайда түсті. Кеше ота жасалды, - дейді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, Мұратбек Бекмұхамбетов.

- Біз облыстық әкімдікке ең көп зардап шеккен елді-мекендерде төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс енгізіп жатырмыз. Атап айтқанда, егер, мәселен Көкшетау қаласын алсақ, онда кейінірек резерв есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге болады, - деді  Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов

Солтүстік Қазақстан облысында жеті аудандағы 24 ғимарат шатырсыз қалды. Көбіне мектептер, ауруханалар, балабақшалар. Жеке үйлер де зардап шекті. Құтқарушылар қауіпті аймақта электр қуатын уақытылы ажыратпағанда, одан да үлкен апат орын алуы мүмкін екенін айтады. Бірақ екі ауыл тұрғыны бәрібір ауруханадан бір-ақ шықты.

- Жалпы ауданы 260 шаршы метр болатын дүкен ғимаратының төбесі бүлінді. Нәтижесінде екі ер адам түрлі дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға түсті. Қазір олардың жағдайы тұрақты, бірақ олар ауруханада жатыр, - деді Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Рамил Камалов.

Қостанай облысында тұрғындар электрсіз, сусыз және жылусыз қалды. Көше көктайғақ. Жолаушылар көлігі де дер уақытында шыға алмай жатыр. Синоптиктер мұның бәріне кінәлінің не екенін де жақсы біліп отыр: бұл Салехардтан шыққан циклон. Болжам бойынша, ол солтүстік өңірде 13 сәуірге дейін болады.

Шымкентте вирус жұқтырған соңғы 4 науқас жайлы мәлімет
Ғалымдар коронавирустың өршитін мерзімін атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу