Дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырған аурухана жабылды

Oinet.kz 08-04-2020 1356

Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.   

photo_65735.jpeg

"Бұл аурухананың барлық қызметкері коронавирус жұқтырған, сондықтан біз мекемені жабуға мәжбүрміз. Науқастарды Ош қаласына жібереміз", - деді денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімов.

Министрдің айтуынша, ауруханада дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 270-ке жетті. Төрт адам қайтыс болған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген.

Коронавирустан жазылған адам вирус тасымалдаушы болып қала ма?
Зейнетақы мен жәрдемақы өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу