Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Oinet.kz 04-04-2020 2004

Түркістан облысында қайтыс болған 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты.

Түркістан облысында  қайтыс болған 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты

Түркістан облысында 7 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 

Осылайша өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. 

Осыған дейін 1 адамның өлімі тіркелгендігі хабарланды. Ол - Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны болып шықты.

Қазақстанда онлайн оқыту тоқтатылды
"Белгісіз бағытта қашып кетті". ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу